2025–2026 оқу жылында алғаш рет М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетінің заманауи тілдер және аударматану кафедрасының 22 студенті Қытайдың беделді жоғары оқу орындарының бірі — Іле педагогикалық университетіне (Құлжа қаласы) оқуға келді. 🎓🌏
Бұл оқиға — академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды кезең және 2025 жылдың көктемінде қол қойылған халықаралық ынтымақтастық туралы келісімнің нақты нәтижесі. Жаз айларында жүргізілген қарқынды дайындық жұмыстары бағдарламаның сәтті басталуына негіз болды. 🌸
М. Әуезов атындағы ОҚУ халықаралық байланыстарды нығайтып, өз студенттеріне әлемдік деңгейдегі білім алуға жол ашуда. 🌍
💬 «Бұл сапар — біздің білімімізді, көзқарасымызды және кәсіби дағдыларымызды кеңейтуге берілген ерекше мүмкіндік. Біз Қытайда Әуезов университетінің атын лайықты дәрежеде танытамыз!» — дейді студенттеріміз.
