Құрметті докторанттар мен оқытушылар!

Гранада университеті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің докторанттары мен оқытушыларына 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне арналған Erasmus + стипендиялық бағдарламасы бойынша оқу мен сабақ өтуге конкурс жариялайды. Оқу және сабақ өту ағылшын тілінде болады. Шәкіртақы бағдарламасы оқу және тұру шығындарын + жол шығындарын қамтиды.

Халықаралық шарттар/келісімдер және академиялық ұтқырлық бойынша шетелде оқуға үміткерлерді таңдау критерийлері біздің ресми сайтымызда көрсетілген https://academy.auezov.edu.kz/?page_id=7897  және де үміткерлердің мотивациялық хаты, түйіндемесі өте маңызды.

Қосымша ақпарат алу үшін Академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласыңыз, Бас ғимарат, 136 кабинет.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 5 наурыз 2022 жыл.

Leave a Reply