Орталық туралы

Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық тұлғалық даму үшін маңызды, ол әртүрлілікті құрметтеуге және мәдени байытуға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенттеріне шетелдік серіктес университетте оқуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, Академиялық ұтқырлық орталығы студенттерге конкурсқа қатысу үшін барлық қажетті құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмектеседі және студенттердің серіктес университетте оқуын және халықаралық білім тәжірибесін алуына бар күшін салады.

Бағдарламаға қалай қатысуға болады?

  • Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін өтініш жазу(жүктеу)
  • «Жиі қойылатын сұрақтар» айдарымен танысу
  • Қабылдайтын жоғары оқу орнының талаптарына деректеріңіздің сәйкестігін тексеру
  • Ағылшын тілінен тест тапсыру (немесе егер бар болса, онда IELTS 6,0 /TOEFL 80 сертификаттарын ұсыну)
  • Конкурстық комиссиямен қорытынды

Артықшылықтары

Шетелдегі жоғары оқу орнында оқу

2012 жылдан бастап 200-нен астам халықаралық шартқа қол қойылды.

Шетелде өмір сүру тәжірибесі

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 3000-ге тарта студент білім алды.

Бүкіл әлемнің студенттерімен тілдесу мүмкіндігі

Әлемнің 10 мемлекетінде 200 жуық  әріптес жоғары оқу орны

Серіктес университеттер

Ішкі академиялық ұтқырлық

Қазақстан университеттері

Сыртқы академиялық ұтқырлық

Халықаралық университеттер

Консульства

2018-2024

Сандардағы академиялық ұтқырлық

Еуропа440 студент
Ресей250 студент
Түркия300 студент
Өзбекістан90
Әзірбайжан2

Видеоархив

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры.

Хасенова Лаура Айбекқызы

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., 160012, пр. Тәуке хан 5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, бас ғимарат, 136,134-кабинет

+7 701 767 15 07,
laura_ok_uko@mail.ru

Дүйсенбі – жұма 9:00 – 18:00

Біз әлеуметтік желілердепіз

Хабарлама!

TOEFL халықаралық емтихан орталығы

Егер сіз магистратураға,PhD докторантураға, «Болашақ» халықаралық стипендиясына, академиялық ұтқырлық аясында шетелде білім алуға ниет білдірсеңіз, онда ОҚМУ.М. Әуезов сізді күтеді!

Сіз ағылшын, неміс,француз тілдері бойынша TOEFL емтиханын үйден шықпай-ақ тапсыра аласыз!

Біздің ресми аккредитацияланған ETS Global Preferred Associate Network емтихан орталығы он-лайн режимінде емтихан қабылдайды TOEFL ITP Digitalremote proctoring

Өтінімдерді қабылдау телефон арқылы 2020 жылдың 10 маусымынан басталады
Лаура Айбековна: +7701-767-15-07

Сымбат: +7778-425-4601

Немесе сіз өтініш жібере аласыз:
Өтінім жіберу

Дүйсенбі – жұма 9:00 – 18:00

Біз әлеуметтік желілердепіз

Жиі қойылатын сұрақтар

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша байқауға қалай қатысуға болады?

Халықаралық академиялық ұтқырлық байқауына қатысу үшін келесі әрекеттерді жасау керек:
ЖОО____ директорының атына өтініш жазу керек (Өтінішті жүктеу, екі тілде толтыру керек) және оған ағымдағы GPA-і көрсетілген ағымдағы транскриптіні бірге тіркеу керек және өтініштің орыс тіліндегі нұсқасына Сіз оқып жатқан Жоғары мектеп директорына қол қойғызу керек.
Өтініш пен транскриптіге келесі құжаттарды толықтыру керек:ұсынысхаттар, олар бар болған жағдайда (еркін түрде, ЖОО оқытушысы, немесе жұмыс орны не практикадан, т.б. жазылады);
— үміткердің ата-анасының (қамқоршысының, заңды өкілдерінің) академиялық ұтқырлық бағдрламасы аясында шетелде екі айдан артық мерзімге оқуына қатысты жазбаша келісімі (КЕЛІСІМ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ).
Халықаралық ынтымақтастық бөліміне Өтініштерді қабылдау уақытында Халықаралық ынтымақтастық бөліміне Өтініштерді қабылдау уақытында алып келіп, барлық құжаттар тізімін тапсыру (қол қойылған өтініш, транскрипт көшірмесі, ұсынысхаттар, ата-ананың жазбаша келісімі) және Халықаралық академиялық ұтқырлық байқауына рұқсат қағазын алу. Ары қарай үйлестірушінің нұсқауларын күту.

 

Талаптар қандай және іріктеу қалай жүргізіледі?

Қабылдаушы ЖООның талаптарымен салыстыру керек (ол үшін серіктес ЖООлар туралы ақпаратты қарау керек).
Байқау семестр басталмай тұрып бірнеше ай бұрын өткізіледі. Егер Сіз жаңа оқу жылының күзгі семестріне барғыңыз келсе, онда дайындықты көктемде, наурызда бастауыңыз керек. Көктемгі семестрде оқу үшін қыркүйектен бастап дайындалу керек. Мұндай дайындық уақыт мерзімі серіктес ЖООның талаптарына ілесу үішн қажет.
Байқаудағы іріктеу 2 кезеңнен тұрады:
Үйлестіруші ағылшын тілінен тестілеудің уақыты мен мерзімін белгілейді (егер Сізде IELTS/TOEFL сертификаты болса, өтінішке бірге тіркеңіз, сонда сіз тестілеуден босатыласыз).
Тестілеуден кейін үйлестіруші байқау комиссиясымен сұхбаттасуды ұйымдастырады, сол жерде соңғы шешім қабылданады.

Шетелде оқу ақысы қанша тұрады?

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу білім алу ақысыз негізде болғандығына қарамастан, белгілі бір қаржылық шығындардың болатынын жобалайды.
Сондықтан өтініш берместен бұрын өз мүмкіндіктеріңізді өлшеп көріңіз. Серіктес ЖООлар ақысыз білім алуды ұсынады, бірақ ұшып барып-келу, сол жақта тұру, тамақтану мен басқа да жеке қажеттіліктерді, әдетте студенттің өзі төлейді. Шығындардың шамасы серіктес ЖОО туралы ақпаратта көрсетілген.
Шетелдік ЖООда Сізге пәндері, кредиттерінің саны мен емтиханның қорытынды бағасы көрсетілген транскрипт беріледі. Семестр аяқталғаннан кейін Сіз өз транскриптіңізді Жоғары мектебіңізге алып келесіз. Мұнда Сізге есептелуі қажет пәндер есептеліп, жекелей кесте бойынша игеруге қажетті пәндер белгіленеді (игеруге қажетті пәндер қайта төленуі керек).

Шетелдегі ЖООда мен қандай пәндерді оқимын?

Пәндерді Сіз өзіңіз тағдайсыз, кейбір университеттерде пәндер тізімі тек қана 1 ай оқу басталмай тұрып қолжетімді болады. Серіктес ЖООда пәндерді таңдауыңыз үшін Сіз алдын ала Жоғары мектебіңізбен оқу бағдарламасын келісіп алуыңыз керек. Егер де айырмашылық туындап жатса, онда Жоғары мектебіңізбен және Офис-регистратормен Сіз келісе отырып, жеке оқу жоспарын құрастырып, бекітесіз.

Қай курста мен кете аламын?

Біз 2-3 курс студенттерін қатысуға шақырамыз.

Менің кредиттерімде айырмашылық болады ма?

Шетелден келген кезде сіздің кредиттеріңізде айырмашылық болмауы үшін Сіз өзіңіздің Жоғары мектебіңізбен бірлесіп, алдын ала оқу бағдарламасын келісіп алуыңыз керек (тікелей эдвайзермен және кафедра меңгерушісімен) және Офис-регистратормен (4 тармақты қараңыз).

Мен берілген ақпаратпен таныстым, бірақ менің қосымша сұрақтарым бар.

Мына поштаға жазыңыз:

Галерея

Өткен оқу жылымның бірінші семестрінде мен Румыниядағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірінде Александру Иоан Куза университетінде оқыдым.

@Auezov_university-ге және @auezov_akademobil бөліміне, ағылшын тіл білімі бөліміне тынымсыз еңбектері, бақылауы, осындай бағдарламаларды жасағандары үшін алғысымды білдіремін. Бұл көптеген студенттерге әлемді көруге, өмірді бағалауға және, әрине, білім берудегі үлкен биіктерге жетуге керемет мүмкіндік!