Шетел өкілдерінің ОҚУ-ға ресми сапары

2023 жылдың 17 ақпанында – LOGO e.V. одағының төрағасы – Хартвиг Меннен студенттерге Германияда тәжірибе алу мүмкіндігі туралы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне LOGO e.V. одағының төрағасы Др.Хартвиг Меннен келді. Хартвиг Менненнің университет басшылығымен кездесу барысында Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі Проректор Сүлейменов Ұланбатор Сейтқазыұлы университетіміздің амбициясы, жетістіктері және тиісті білім алу үшін университетте барлық жағдайлар жасалғанына тоқталып өтті. Ол сондай-ақ университеттің ғылыми-зерттеу университетіне ауысу жолында ғылым саласына үлкен көңіл бөлінетінін және біздің университеттің c LOGO e.V одағымен белсенді түрде ынтымақтасуға ниетті екенін айтты.
Кездесу барысында Др.Хартвиг Меннен LOGO e.V. Одағы 30 жылға жуық ауыл шаруашылығы саласында студенттердің тағылымдамадан өтуімен айналысып келе жатқанындығын және 4500-ге жуық студенттің Германияда тағылымдамадан өтіп, сертификаттар алғанын айтып өтті.
Сондай-ақ, кездесуде студенттерге қойылатын талаптар мен олардың қауіпсіздігі, визалық мәселелер, сертификаттар алу және т. б. мәселелер талқыланды.

 

Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасы Бас Консулдығы консулдарының М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне сапары

2023 жылғы 15 ақпанында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының делегациясы келді. Делегация ішінде болған қонақтар: Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Дүниежүзілік Жастар қауымдастығының өкілі – Фарходжон Ганиев, Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының көші-қон мәселелері жөніндегі консулы – Асроров Иззат, Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулдығының (РУ) бас консулы, Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулдығының (РУ) Консулы – Абдукаримов Жамолиддинхуджа және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің көмекшісі – Турсунов Жавохир. Кездесуге Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі Проректор А. Т. Ысқақова, халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры А. Т. Тұрымшаева қатысты.
Делегация М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Өзбекстан Республикасының азаматтары қатарынан шетелдік студенттерімен және магистранттарымен кезлесу өткізді. Кездесу барысында, көші-қон және де оқу процесінде туындайтын т.б. мәселелер талқыланды, сонымен қатар білім алушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

        

 

29 мамыр 2022 жыл – Пәкістан Республикасы делегациясының М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ресми іс-сапары

2022 жылғы 29 мамырда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Проф. др. Сайед Хуршид Хасанаин – КОМСТЭК хатшылығының кеңесшісі, Сайед Номанул Хак – Басқару және технологиялар университетінің (UMT)докторы, Мухаммад Муртаза Нур – БАҚ және бас үйлестірушімен байланыс жөніндегі кеңесші, COMSTECH Хатшылығы, Доктор Мухаммад Халид Масуд – Шариғат апелляциялық алқасының мүшесі, Пәкістан Жоғарғы Соты, Доктор Мустафа Шейх – Ислам ойлары мен мұсылман қоғамдарының доценті, араб, ислам және Таяу Шығыс зерттеулерінің директоры, мұсылмандық сыни зерттеулер орталығының бірлескен басқарушы директоры, София Рехман – Лидс Университетінің Докторы (Ұлыбритания), Сайид Мухаммад Фарид – Профессор, доктор, Пенджаб университеті Икбала зерттеу орталығының директоры құрамындағы Пәкістан Республикасының делегациясы ресми іс-сапармен келді.

Іс-сапар барысында шетелдік делегация университет басшылығымен кездесті, кездесу барысында тараптар Пәкістанның жетекші жоғары оқу орындарымен Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді жағдайларда білім беру мен ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша әріптестікті дамыту мақсатында алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін күш біріктіруге уағдаласты.

Пәкістан Республикасы делегациясының іс-сапары аясында М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің жетекші ғалымдары мен оқытушыларының қатысуымен «Университет ғылымының аймақ экономикасына интеграциялануының векторлары» тақырыбында ғылыми жетістіктер көрмесі ұсынылды. Көрме қатысушылары Шымкент қаласы және Оңтүстік өңірінің дамуына енгізілген ғылыми жетістіктерді қонақтарға көрсетті.

17 мамыр 2022 жыл – Индонезияның Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Др. Мохамад Фаджрул Рахманның М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ресми іссапары

2022 жылғы 17 мамырда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Индонезияның Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Др.Мохамад Фаджрул Рахман бастаған делегация ресми іссапармен келді. Іссапар барысында шетелдік делегация М.Әуезов атындағы Онтүстік Қазақстан университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызымен кездесті, кездесу барысында Тараптар Индонезия мен Қазақстан Республикасының университеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында тараптар білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, қонақ дәрістеріне ғалымдарды тарту және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

16 мамыр 2022 жыл – Бұхара инженерлік-техникалық институты мен Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты (Өзбекстан Республикасы) делегацияларының іс-сапары

2022 жылғы 16 мамырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті басшылығының Бұхара инженерлік-техникалық институты мен Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының (Өзбекстан Республикасы) делегациясымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар дайындықтың басым бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелерімен алмасып, биотехнология мен фармацевтика саласындағы ғылым коллаборациясының одан әрі даму перспективаларын белгіледі.

Аталған кездесуде университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы елеулі еңбегі мен баға жетпес үлесі үшін Абу Али ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының Құрметті профессоры дипломы және «Авиценна» төсбелгісі М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызына салтанатты түрде табыс етілді. Сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы қосқан үлесі үшін «Биотехнология» кафедрасының меңгерушісі Г.Б.Алпамысова және профессор Б.Ш.Кеделбаев «Авиценна» төсбелгісімен марапатталды.

26 сәуір 2022 жыл – Қазан федералдық университетіделегациясының (Ресей Федерациясы) М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ресми іс-сапары

2022 жылы 26 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ресми іссапармен Қазан федералдық университетінің (Ресей Федерациясы) Ректор м.а. Таюрский Дмитрий Альбертович және Орталық Азия бойынша ректордың кеңесшісі Әзімов Рашит Муразамович бастаған делегация келді. Іссапардың мақсаты – университет қызметімен танысу және білім мен ғылымның басым бағыттары бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

Кездесу барысында М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Басқарма Төрағасы-ректор Д.П. Қожамжарова мен ҚФУ-нің Ректор м.а. Д.А. Таюрский кіріспе сөз сөйледі. Кездесу барысында тараптар зерттеу қызметінің бағыттары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін, білім алушыларды даярлаудың жаңа бағыттарын ашу, Қос дипломдық бағдарлмалардың 10-нан астам бағдарламасын ашу, ОПҚ мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту және т.б. талқылады, бұл ынтымақтастық, ғалымдардың коллаборациясын одан әрі дамуының инновациялық алаңын құруына ықпал етеді.

Келіссөздер шеңберінде Қазан федералдық университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар бүгінгі талқылау нәтижелері бойынша қойылған міндеттерді іске асыру үшін күш біріктіруге келісті.

ҚФУ делегациясының іссапары аясында М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің жетекші ғалымдары мен оқытушыларының қатысуымен «Университет ғылымының аймақ экономикасына интеграциялануының векторлары» тақырыбында ғылыми жетістіктер көрмесі ұсынылды. Көрме қатысушылары Оңтүстік өңірінің дамуына енгізілген ғылыми жетістіктерді қонақтарға паш етті. Сонымен қатар делегация құрамы, М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің ғылыми-зерттеу институттарын аралап, зертханаларымен танысты.

 

18 – 22 сәуір 2022 жыл – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Миннесота штатының Миннеаполис қаласында өткен Жыл сайынғы 66-шы CIES 2022 (Comparative and International Education Society) Illuminating the Power of Idealism конференциясына қатысуы

2022 жылдың 18 – 22 сәуір аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (ОҚУ) алғаш рет серіктес ЖОО-ы Миннесота университетінің (АҚШ) Білім және адам дамуы колледжінің қолдауымен Миннесота штатының Миннеаполис қаласында өткен жыл сайынғы 66-шы CIES 2022 (Comparative and International Education Society) Illuminating the Power of Idealism конференциясына қатысты. Конференция аясында Еуразия секциясында модераторлар мен спикерлер ретінде Халықаралық байланыстар орталығының директоры Турымшаева А.Т. және «Заманауи тілдер және аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі Карбозова Г.К. қатысты.

«Халықаралық контекстегі бірлескен серіктестік: АҚШ пен Қазақстанның тәжірибесі» және «Covid 19 кезіндегі университеттердің серіктестігі: пандемия кезіндегі Университеттердің ынтымақтастығы: серіктестікті нығайтуға не ықпал етті?» атты секцияларының аясында ОҚУ қатысушылары 2021 жылы АҚШ мен Қазақстан университеттерінің серіктестігі шеңберіндегі гранттық бағдарламаларының халықаралық білім беру Американдық Кеңесінің қолдауымен жүзеге асырылған «Жоғары білім беру педагогикасына ағылшын тілінің интеграциясы: Миннесота унтверситеті және Оңтүстік Қазақстан университеті арасындағы серіктестік» бірлескен жобасының нәтижелері бойынша баяндамалар жасады.

Сондай-ақ, іссапар аясында ОҚУ делегациясы серіктестік перспективаларын талқылау мақсатында Миннесота университетінің Білім және Адам дамуы колледжін аралап университет қызметімен танысты.

Мәлімет үшін, CIES – (Comparative and International Education Society) – АҚШ-та жыл сайын әлемнің 110 елінен 3000 танымал ғалымдардың, сарапшылардың, зерттеушілердің қатысуымен өткізілетін білім беру саласындағы жетекші конференцияның бірі.

11 сәуір 2022 жыл – Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкерінің М. Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан университетіне іс-сапары

2022 жылы 11 сәуірде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ресми іссапармен Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері-Ананд Кришна және Ақпараттық мәселелер жөніндегі көмекші Кәмшат Төлеулиеваның құрамындағы делегация келді.

Іссапардың мақсаты-университет қызметімен және басшылығымен танысу. Кездесу аясында ОҚУ-нің қатысушылары Миннесота университеті «Жоғары білім педагогикасындағы ағылшын тілін интеграциялау: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (ОҚУ) және Миннесота университеті арасындағы серіктестік» және Рутгерс университетімен бірлескен жобалардың нәтижелерімен бөлісті, аталған жоба «Рутгерс университеті (АҚШ) және Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасында жасыл нанотехнология және экологиялық зондтау саласындағы серіктестік бағдарлама құру»жобасы аясында қаржыландырылады.

Сапар барысында Ананд Кришна «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» және «Заманауи тілдер және аударма ісі» кафедраларының студенттері үшін «АҚШ-тың сыртқы саясаты және қоғамдық дипломатия» тақырыбы аясында қонақ дәрісін өткізді, дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған мәселелер бойынша жауап алды және талқыланған тақырып бойынша пікір алмасты.

 

7 сәуір 2022 жыл – Қазан федералдық университеті (Ресей Федерациясы) делегациясының ресми іс-сапары

2022 жылы 7 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ресми іссапармен Қазан федералдық университетінің (Ресей Федерациясы) халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Әлішев Тимирхан Болатұлы және Орталық Азия бойынша ректордың кеңесшісі Әзімов Рашит Муразамович бастаған делегация келді. Іссапардың мақсаты-университет қызметімен танысу және білім мен ғылымның басым бағыттары бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

Кездесу барысында М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің бірінші проректоры К.Е. Нұрманбетов пен ҚФУ-ің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Т.Б.Әлішев кіріспе сөз сөйледі, сонымен қатар тараптар білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы саласындағы ынтымақтастық, қонақ дәрістеріне шетелдік ғалымдарды тарту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар бүгінгі талқылау нәтижелері бойынша қойылған міндеттерді іске асыру үшін күш біріктіруге келісті.

ҚФУ делегациясының іссапары аясында М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің жетекші ғалымдары мен оқытушыларының қатысуымен «Университет ғылымының аймақ экономикасына интеграциялануының векторлары» тақырыбында ғылыми жетістіктер көрмесі ұсынылды. Естеріңізге сала кетейік, Қазан федералды университеті – Қазан қаласындағы жоғары оқу орны, Ресейдің ең көне университеттерінің бірі (іргесі 1804 жылы қаланған) және он федералды университеттің бірі (2010 жылдан бастап).

18 қараша 2021 жыл – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Жоғары білім педагогикасындағы ағылшын тілін интеграциялау: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (ОҚУ) және Миннесота университеті арасындағы (UMN) серіктестік: «Жоғары білім педагогикасындағы ағылшын тілінің интеграциясы» жобасы аясында Американдық кеңестің грантын жабу бойынша қорытынды кездесуі

Жобаға физика, информатика және қазіргі заманғы тілдер және аударма кафедрасы қатысты. Қорытынды күні Миннесота университетінің командасы бірлескен жобаның оқытушыларымен және қатысушыларымен кездесу өткізді, онда «Brainstorm» форматында Миннесота университетімен серіктестік және ҚР Президентінің «Болашақ»халықаралық стипендиясы аясында одан әрі ынтымақтастық перспективалары бойынша мәселелерді талқылады. Кездесу соңында, жоба қатысушыларына 2021 жылы жүзеге асырылған бірлескен жобаны сәтті аяқтау аясында Миннесота университетінің тану туралы сертификаттары берілді.

16 қараша 2021 жыл –  Миннесота университеті (АҚШ) делегациясының ресми іс-сапары

2021 жылы 16 қарашада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ресми іссапармен келесідей құрамда АҚШ-тың Миннесота университетінің делегациясы келді: Кристофер Джонстон-қауымдастырылған профессор, магистратура және докторантура бағдарламалары, ұйымдастырушылық көшбасшылық, саясат және даму департаментінің директоры, Марина Алейшо – Білім және Адами даму колледжінің халықаралық бастамалар және байланыстар жөніндегі директоры, Лаура Қарабасова – Жұбанов атындағы университетінің ректоры, PhD докторы, жоба қатысушысы, Элизабет Орр – Миннесота университетінің докторанты, Жұлдыз Аманқұлова – Миннесота университетінің Болашақ бағдарламасының докторанты. Іссапар мақсаты -«Жоғары білім педагогикасындағы ағылшын тілін интеграциялау: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (ОҚУ) және Миннесота университеті арасындағы серіктестік» жобасы аясында Американдық кеңестің грантын жабу бойынша қорытынды кездесулер өткізу болып табылады. Іссапар барысында Миннесота университетінен келген делегация М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Басқарма Төрағасы- ректоры Д. П. Қожамжаровамен кездесті. Кездесу барысында зерттеу және білім берудің өзекті бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жүзеге асыру болашағы талқыланды.

Іссапардың алғашқы күні делегация мүшелері әріптестікті бағалау аясында жобаға қатысушылармен кездесу барысында «Физика», «Информатика» және «Қазіргі тілдер және аударматану» ОҚУ-дың үш кафедрасы ағылшын тілінде оқытылатын STEM пәндері аясындағы алған тәжірибелерімен және нәтижелерімен бөлісті.

Кездесу барысында Американдық сарапшылар Миннесота университеті мен М.Әуезов атындағы ОҚУ арасындағы табысты өзара ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің арқасында бұл жоба ОҚУ профессор-оқытушылар құрамын кәсіби дамытудың бірлесіп бастамашылық жасаған мүмкіндіктері арқылы екі ел арасындағы, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың табысты үлгісі болғанын атап өтті. Көптеген өзара әрекеттесулер, кәсіби даму шаралары COVID-19-ға байланысты болғандықтан, бұл жоба серіктестік қатынастарды сәтті құру және онлайн режимінде іске асыруда үлгі болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жобаның негізгі мақсаты ағылшын тілін STEM бағыты бойынша оқу бағдарламаларына сәтті және тиімді интеграциялау үшін ОҚУ оқытушыларының педагогикалық дағдылары мен қабілеттерін арттыру мен ОҚУ-дың ағылшын тілді мамандарының академиялық мазмұнды тілдік оқыту бағдарламасына біріктіру мүмкіндіктерін арттыру болып табылады.

11 қараша 2021 жыл – Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі делегациясының  ресми іс-сапары

2021 жылы 11 қарашада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне қоғамдық дипломатия аясында Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок және екінші хатшысы Ким Вон Ён бастаған Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің делегациясы ресми іссапармен келді. Іссапар барысында шетелдік делегация М.Әуезов атындағы Онтүстік Қазақстан университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Д.П. Қожамжаровамен кездесті. Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері мен болашағы талқыланды.

Іссапар барысында Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок халықаралық қатынастар, халықаралық туризм және сервис және корей тілі білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Корей түбегіндегі бейбітшілік процесінің көрінісі: соғыстың аяқталғаны туралы жария ету» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында Кореяның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок Корея үшін Қазақстан Корей түбегіндегі бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесетін маңызды ел ғана емес, сондай-ақ энергетикалық ресурстар, құрылыс, денсаулық сақтау, ақпараттық технологияларды қоса алғанда, сауда-экономикалық саладағы өзара тиімді әріптес болып табылатынын атап өтті. Екіжақты ынтымақтастық аясында М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың 3 тыңдаушысы академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алды.

27 мамыр 2021 жыл – Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS Quacquarelli Symonds аймақтық директоры Сергей Владимирович Христолюбовтың М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне іс-сапары

Бүгін, 2021 жылғы 27 мамырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS аймақтық директоры Сергей Владимирович Христолюбов ресми іс-сапармен келді. Сапар барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова бастаған университет басшылығымен кездесу өтті. Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері талқыланды: оның ішінде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, атап айтқанда QS Stars бағдарламасына қатысу, ректорлар Кеңесі шеңберінде көшпелі іс-шаралар және түрлі семинарлар өткізу және де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің дамуының басқа да негізгі бағыттары бойынша  халықаралық рейтингтерде ілгерілету.

Келіссөздер жүргізу барысында университетті тиімді дамыту, серіктестік байланыстарды кеңейту, QS арқылы ғылыми серіктестер желісін пайдалану, бірлескен зерттеулер мен зертханалар әзірлеу мәселелері қаралды.

Сапар аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың бөлім басшылары мен  ғалымдарымен кездесу өтті, кездесу барысында Сергей Христолюбов университеттің жетістіктері мен келешектегі даму мүмкіндіктерін көрсетті.

Кездесу қорытындысы бойынша Сергей Христолюбов әлемдік рейтингтерде одан әрі ілгерілеу бойынша бірнеше ұсыныстар берді, сонымен қатар, шетелдік студенттерді тарту шеңберінде интернационалдандыруды дамыту бойынша университеттің атқарған жұмысын жоғары бағалады.

 

7 мамыр 2021 жыл – Аризона университеті (АҚШ) делегациясының ресми іс-сапары

2021 жылғы 7 мамыр М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Аризона университетінің (АҚШ) жаһандық мәселелер жөніндегі проректоры Вайт Брент Томас бастаған делегациясы ресми іс-сапармен келді. Кездесу аясында білім алушыларды қос диплом бағдарламасы бойынша бірлесіп даярлау және ОҚУ-нде Аризона университетінің филиалын ашу бойынша ынтымақтастық болашағы талқыланды. Кездесу барысында шетелдік делегация ЖОО басшылығымен және химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі, тоқыма және тамақ өнеркәсібі жоғары мектебінің өкілдерімен кездесті. Аталған іс-шара ҚР мен АҚШ жоғары оқу орындары арасындағы екі жақты әріптестікті нығайту үшін жақсы іргетас болып табылатын ынтымақтастықты орнатудың бастамасы болып табылады.

 

22 қазан 2020 жыл – Қазақстандағы Гете Институтының тілдер бөлімінің басшысы Дэвид Хэртлдің М.Әуезов атындағы ОҚУ-ға  іс-сапары

2020 жылы қазан айының 22-шы жұлдызында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Қазақстандағы Гете Институтының тілдер бөлімі басшысы Давид Хэртльдің басшылығымен Кітапхана/ Информация бөлімінің басшысы Шолпан Естайқызы Қызайбаева келді. Іс-сапар барысында, делегация М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректорЫсқақова Айгүл Төлеутайқызымен кездесті.Кездесу барысында тараптар ОҚУ мен Германияның жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен дамыту бойынша ұсыныстармен алмасты.

Кездесу барысында тараптар студентер мен неміс тілі оқытушыларын даярлау аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Сондай-ақ,неміс тілі оқытушыларын М.Әуезов атындағы ОҚУ оқытушылары мен студенттеріне арналған семинарлар мен тренингтер өткізуге тарту, неміс тілі курстары мен емтихандарын өткізу мақсатында Гете Институтының қарамағында тілдік сыныптар ашу және де М. Әуезов атындағы ОҚУ –ның Германиядағы серіктес университеттермен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты орнату мәселелері талқыланды.

Қазақстандағы Гете институның Кітапхана/Информация бөлімінің басшысы өз кезегінде, Гете институындағы Ақпараттық Кітапхананың жұмысы жайлы айтып өтті. Атап айтқанда, кітапхананың басты қызметі-Германияның мәдени, қоғамдық және саяси өмірі туралы тиісті ақпараттар беру, сондай-ақ неміс тілін оқуға және оқытуға арналған кітапхананың анықтамалық мерзімді басылымдар қорының көмегімен тиісті материалдар мен зерттеуге арналған интерактивті әзірлемелермен қамтамасыз ету болып табылады.

10 Қыркүйек 2020 жыл – Аризона Мемлекеттік университеті (АҚШ) арнайы өкілдерінің М. Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан университетіне іс-сапары

Бүгін, Әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Аризона Мемлекеттік университетінің (АҚШ) арнайы өкілдері М.Әуезов атындағы ОҚУ- да қонақта болып бірқатар жоспарлар нақтыланды. Атап айтсақ, Аризона университетімен қос дипломды білім алу бағдарламасы, академиялық мобильділік, профессор оқытушылар құрамының аталған университетте іс- тәжірибеден өтуі, сондай-ақ елімізде шет ел университеттерінің өкілдіктерін ашу жөнінде де жан- жақты талқылау жүргізілуде.

3 Наурыз 2020 жыл – М. Әуезов атындағы ОҚМУ базасында Еуропалық Одақ өкілдерінің кездесуі 

2020 жылдың 3 наурызында  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне Еуропалық Одаққа мүше елдердің елшілері кластерлік сапармен келді. Сапар барысында университет басшылығымен және студенттермен кездесті,  сонымен қатар университеттің қызметімен және жетістіктерімен танысты. Елшілердің студенттермен кездесуі Ambassador Cafe форматында өтті.

Анықтама үшін: Ambassador Cafe-  бұл Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің елшілері жастармен бейресми жағдайда кездесетін өзіндік ақпараттық алаң.

Мұндай кездесулердің бейресми атмосферасы Еуропалық Одақ пен Қазақстанның екіжақты ынтымақтастығының, ЕО-ның әлемдік геосаясаттағы аймақтық ұстанымының өзекті мәселелері бойынша барынша қолайлы форматта «сағаттарды салыстырып тексеруге» мүмкіндік береді.

Әуезов атындағы ОҚМУ Болон процесінің параметрлерін белсенді түрде іске асырады, серіктес жоғары оқу орындарымен 180-нен астам халықаралық келісім-шартқа ие, олардың шеңберінде жыл сайын 100-ден астам студент академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша білім алуда, Эрасмус бағдарламасына қатысуда, жазғы және қысқы мектептерді ұйымдастыруда, шетелдік тәжірибелер мен студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының тағылымдамадан өтуде.

 

Virtual tour

Director of the international cooperation center

Turymshayeva Arida Turganbekovna

For correspondence: Republic of Kazakhstan, Shymkent, 160012,
Tauke Khan ave. 5, M. Auezov SKSU

+7(7252) 21-41-54
upvo-ms-sksu@yandex.kz, sksu.icc.2015@gmail.com

Mon.- Fri.  9:00  – 18:00

Social info

Виртуалды тур

Халықаралық байланыстар орталығының директоры

Турымшаева Арида Турганбековна

Корреспонденция үшін: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.,
160012,Тәуке-Хан даңғылы,5, М. Әуезов атындағы ОҚМУ

+7(7252) 21-41-54
upvo-ms-sksu@yandex.kz, sksu.icc.2015@gmail.com

Дс.- Жм  9:00  – 18:00

Біз әлеуметтік желілердеміз

Бейне презентация

Брендбук