Erasmus+ 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP «Өзбекстан-Қазақстанда былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісі бойынша жоғары оқу орындарының әлеуетін нығайту» REILEAP

             

The European Commission support for the production of this publication does not constitute an endorsement of the contents which reflects the views only of the authors, and the Commission cannot be held responsible for any use which may be made of the information contained therein.

ЖОБАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ

Жобаға сілтеме: ЕО 618930-EP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP
Іске асыру мерзімі: 15/01/2021 – 14/01/2024
Жоба үйлестірушісі: Крит техникалық университеті, Греция
Бағдарлама: Erasmus+
Негізгі әрекет: инновациялар мен озық тәжірибемен алмасу үшін ынтымақтастық
Әрекет түрі: жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру
Жоба түрі: бірлескен
Қаржыландыру сомасы: 914.603 EURO

ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Erasmus+ 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP
«Өзбекстан-Қазақстанда былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісі бойынша жоғары оқу орындарының әлеуетін нығайту» REILEAP
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Жоба былғары өндірісі және былғары бұйымдарын жобалау үшін жабдықталған және функционалды орталықтарды құруға бағытталған (екеуі Өзбекстанда, екеуі Қазақстанда). Оқытылған құрамы бар орталықтар былғары және былғары бұйымдарын шығаратын компаниялар үшін жаңа қызметтер ұсынады. Ұсынылатын қызметтерге былғары мен былғарыдан жасалған бұйымдардың сапасын бағалау, жобалауды оқыту, семинарлар мен ақпараттық іс-шаралар өткізу кіреді.
Жобаның мақсаты – былғары бұйымдары орталақтары мен былғарыдан жасалған бұйымдарды жобалаудың жаңа әдістерін үйрететін орталықтар құру арқылы Өзбекстан мен Қазақстандағы былғары өнеркәсібін жаңарту.
Жобаның міндеттері:
• Өзбекстан мен Қазақстанның серіктестеріне Еуропалық тәжірибені үйренуге мүмкіндік беру үшін әлеуетті арттыру бағдарламасын әзірлеу;
• ЕО тәжірибесіне сүйене отырып, Өзбекстан мен Қазақстандағы былғары секторларының шеберлігін арттыратын орталықтар үшін жабдықты баптау және орнату;
• Білім беру орталықтарының бизнеспен бірлескен жұмысы үшін алаң құру арқылы жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету.

ЖОБАДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Өзбекстан мен Қазақстанның университеттері әлеуетті арттырады, яғни былғары және аяқ киім саласындағы оқыту мазмұнын жаңарту үшін қажет оқу материалдарды, жабдықтарды және т.б. алады. Осы саламен байланысты ЕО институттары мен қауымдастықтары бұл әлеуетті арттыру процесін қолдап отырады.
Институттар былғары туралы көбірек ғылыми білімдерге ие, сондықтан олар Өзбекстан мен Қазақстандағы былғары өндірісінің жағдайы мен ерекшеліктері туралы білімді қамтамасыз етуге үлес қосады деп күтуге болады, ал қауымдастық жергілікті кәсіпкерлермен және жалпы былғары секторымен байланыс жасайды.
Еуропалық Одақтың серіктестері былғары және былғары бұйымдарын өндіруде ноу-хау мен тәжірибені, сондай-ақ жаңа жабдықты құру мен пайдалану тәжірибесін ұсынады.
Барлық серіктестердің бюджеті персонал шығындарын, іссапар/тұру шығындарын және мердігерлік шығындарды қамтиды. Өзбекстан мен Қазақстан университеттеріне арналған бюджетте жабдықтар да бар.

ЖҰМЫС ПАКЕТТЕРІ

WP1 ДАЙЫНДАУ
Атауы: зерттеу және қазіргі жағдайы
1.1 Әдістеме пакеті
1.2 Ұлттық зерттеу есептері
1.3 ЕО үздік практика Деректер Базасы
1.3 ЕО үздік практика Деректер Базасы
1.4 Еларалық зерттеулер туралы есеп

WP2 ӘЗІРЛЕУ
Атауы: кадрларды даярлау және әлеуетті арттыру
2.1 Әлеуетті арттыру бағдарламасы
2.2 Оқу бағдарламалары
2.3 Оқыту семинарлары

WP3 ӘЗІРЛЕУ
Атауы: университеттердің былғары өнеркәсібімен байланысы
3.1 Былғары орталықтарын жабдықтау
3.2 Тері өңдеу орталықтарының қызметтері
3.3 Пилоттық сынақтар туралы есептер
3.4 Іс-шаралар туралы брошюралар
3.5 Бірлескен жұмыс платформасы
3.6 Желілік қызметі

WP4 сапа жоспары
Атауы: сапаны қамтамасыз ету және бағалау
4.1 Бағалау және сапаны бақылау жоспары
4.2 Сыртқы аудиторды таңдау
4.3 Сыртқы аудиторды бағалау туралы есептер
4.4 Сапа және бағалау туралы есептер

WP5 тарату және пайдалану
Атауы: тарату, хабардарлықты арттыру және пайдалану
5.1 Тарату және коммуникация жоспары
5.2 Таратуға арналған материалдар
5.3 Fb жобасы және басқа да әлеуметтік желілер
5.4 Байланыс және тарату үшін дерекқор
5.5 Жобасының Веб-сайты
5.6 Ақпараттық бюллетеньдер
5.7 Пайдалану және тұрақты даму жоспары
5.8 Хабардарлықты арттыру науқаны

WP6 жобаларын басқару
Атауы: жобаларды басқару
6.1 Басқару жоспары
6.2 Жобалар бойынша есептер
6.3 Кеңестер

ЖОБАҒА СІЛТЕМЕЛЕР

Жоба сайты: www.reileap.com
Facebook: https://www.facebook.com/groups/1444148065777743/?ref=share
Instagram: https://instagram.com/reileap.kz?utm_medium=copy_link

Қосымша пайдалы сілтемелер:
1. https://www.eacea.ec.europa.eu/ – Білім және мәдениет жөніндегі Еуропалық Атқарушы агенттік
2. https://erasmusplus.kz – Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының ұлттық кеңсесі

ЖОБА МҮШЕЛЕРІ

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТАН ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕР
1. Technical University of Crete (TUC), Греция – грант алушы, https://www.tuc.gr/index.php?id=4992
2. Politecnico Calzaturiero Scarl (POLICALZ), Италия. http://www.politecnicocalzaturiero.it/
3. “Gheorghe Asachi” Technical University of Iaşi (TUIASI), Румыния – https://www.tuiasi.ro/
4. Creative Thinking Development (CRETHIDEV), Грекия – . https://www.crethidev.gr/
5. EGE University, Түркия – https://ege.edu.tr/eng-0/homepage.html
6. GURUSERVICES.BIZ, Греция. http://www.guruservices.biz/
СЕРІКТЕС ЕЛДЕР
Өзбекстан
1. Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты, Өзбекстан – https://web.ttyesi.uz/
2. Джизак политехникалық институты, Өзбекстан – https://jizpi.uz
3. Өзбекстанның өнертапқыш әйелдер орталығы, Өзбекстан – https://www.facebook.com/Center-of-Women-Inventors-of-Uzbekistan-102153705346246/?ref=page_internal
Қазақстан
1. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақстан – http://dulaty.kz/kk/erasmus-kaz.html
2. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан – https://auezov.edu.kz/

ЖҰМЫС ТОБЫ

Аты-жөні

Жобадағы ролі

1

Искакова Айгул Толеутаевна

п.ғ.к., доцент, Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор

Тел: +7 701 724 21 82

e-mail: aiskakova@bk.ru

ЖОБАНЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

– М.Әуезов атындағы ОҚУ-дегі жобаға жалпы басшылық

– жобаның қатысушылары, жұмыс тобы арасында тиімді және жедел коммуникациялық процесті ұйымдастыруға жауапты

– серіктестік туралы келісімді бірлесіп дайындау

– жобаның барлық іс-шараларын ұйымдастыру бойынша жобаға тартылған жұмыс тобын, тренингтерге, семинарларға, вебинарларға, дөңгелек үстелдерге, конференцияларға, бизнес бранчтарға және т. б. қатысушыларды құру.

– жобаға қатысты барлық мәселелер бойынша жалпы кеңес беру және тарату

– жобаның барысын талдау үшін мерзімді кеңестер (жобаның жұмыс тобының / консорциумының кездесулерін және кездесулерін) өткізу

2

Елдияр Гулзинат Каирбеккызы

PhD доктор, «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасының аға оқытушысы

Тел: +7 771 886 4130

e-mail: gulzinat.yeldiyar@gmail.com

ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ– жобаны іске асыру және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге жауапты тұлға:

– серіктестік туралы келісімді бірлесіп дайындау

– жобаны іске асыруды сыртқы сараптамалық сүйемелдеу мақсатында жобаның сараптама тобын құру

– жобаның барысын талдау үшін мерзімді кеңестер өткізу

– ішкі сапаны бақылау

– ішкі, сыртқы есептерді дайындау

– жобаның прогресін талдау үшін кезеңдік кеңестер (жоба консорциумының кездесулері мен кездесулерін) өткізу

– сапа стратегиясын, тұрақтылық стратегиясын, тарату стратегиясын, басқару жоспарын, коммуникациялық жоспарды құруға және әзірлеуге қатысу, жұмыс пакеттерін (ЖП) іске асыру бойынша үйлестіру

– сапа стратегиясын, тұрақтылық стратегиясын, тарату стратегиясын, басқару жоспарын, коммуникациялық жоспарды, жұмыс пакеттерін (ЖП) үйлестіру және іске асыруды құруға және әзірлеуге қатысу

– ішкі және сыртқы есептерді дайындау және дайындауға жәрдемдесу

– серіктестер ұсынған коммерциялық ұсыныстар бойынша жабдықтарды жеткізушілерді таңдау жөніндегі комиссияға қатысу;

– жобаның жалпы сайты, жобаның платформасы және М.Әуезов атындағы ОҚУ сайттыдағы жоба арналған бетке ақпарат беруді үйлестіру және бақылау

– жобаны басқару бойынша кеңестерге қатысу

– жобаны іске асыру барысында қатысушылардың еңбек шығындарын есепке алу және бақылау

– жоба шеңберінде тоқсан сайынғы есептерді жасау бойынша жұмыс

– жобаны құру, әзірлеу және барысын бақылау, жоспарларды жоспарлау және қайта қарау және т. б.

3

Калдыбаев Рашид Турдыбаевич

т.ғ.к., «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасының доценті

Тел:+7 705 664 4337

e-mail: rashid_cotton@mail.ru

НЕГІЗГІ ЖАУАПТЫ МҮШЕСІ – REILEAP жобасының тұрақты даумуына және негізгі мақсаттарын қолдаушы мекемелер байланыс орнатуға жауапты тұлға:

– кездесу ұйымдастыру;

– келісім шарттар жасау және қатысу;

– келіссөздер жүргізу;

– оқу оталығының негізгі мақсаттары мен құрал-жабдықтарын таңдау, стейкхолдерлердің сұраныс анықтау және тиімді шарт жасау

4

Калдыбаева Гульбустон Юсупжановна

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы» кафедрасынын оқытушысы

Тел: +7 771 144 7202

e-mail: gkaldybaeva@mail.ru

НЕГІЗГІ ЖАУАПТЫ МҮШЕСІ – REILEAP жобаның институциональды, региональды және ұлттық деңгейде әсеріне жауапты:

– кездесу ұйымдастыру;

– келісім шарттар түзу;

– келіссөздер жүргізу;

– оқу оталығының негізгі мақсаттары мен құрал-жабдықтарын таңдау, стейкхолдерлердің сұраныс анықтау және тиімді шарт жасау

5

Калымбетов Гани Ескермесович

докторант

е-mail: gani_himik@mail.ru,

тел: +7 705 844 45 19

НЕГІЗГІ ЖАУАПТЫ МҮШЕСІ – REILEAP жобаның таратылуына және танылуына жауапты:

– жобаны іске асыру бойынша материалдар мен ақпаратты тарату

– жоба материалдарының анықтамалығын толтыру және қалыптастыру

– М.Әуезов атын. ОҚУ жоба сайтының бетінде ақпаратты құру, жаңарту

– REILEAP жобасының ортақ сайтына құжаттар мен материалдарды дайындау

– Erasmus+ бағдарламасының талаптарына сәйкес үлестірме материалдарды, жарияланымдарды рәсімдеу

6

Конысбеков Сагындык Муханович

докторант

Тел: +7 747 565 5608

e-mail: skonysbekov@mail.ru

НЕГІЗГІ ЖАУАПТЫ МҮШЕСІ – REILEAP жобаның әкімшілік қызметін атқарушы тұлға:

– М.Әуезов атындағы ОҚУ-дегі жобаға жалпы ұйымдастыруға жауапты

– жобаның қатысушылары, жұмыс тобы арасында тиімді және жедел коммуникациялық процесті ұйымдастыруға жауапты

– жобаның барлық іс-шараларын ұйымдастыру бойынша жобаға тартылған жұмыс тобын, тренингтерге, семинарларға, вебинарларға, дөңгелек үстелдерге, конференцияларға, бизнес бранчтарға және т. б. қатысушыларды құру.

– жобаға қатысты барлық мәселелер бойынша жалпы кеңеске қатысу

REILEAP ОРТАЛЫҒЫ

Әріптес елдердің серіктестері мен ЕО қауымдастықтары REILEAP орталықтарының қызметтерін құруда төрт жергілікті университеттің қолдауын бақылайтын болады.
Жаңа сән трендтері, өндірістің инновациялық және экологиялық қауіпсіз технологияларын оқыту, тиісті химикаттарды пайдалану, өндірісті ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері, өнімді сертификаттау, өндірістік шығындарды азайту және өнімділікті арттыру тәсілдері, сапалы өнімдерді әзірлеу туралы ақпарат, инвестициялар және қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ақпарат – бұл REILEAP орталықтарын құру арқылы былғары және былғары бұйымдарын өндіру жөніндегі өзбек және қазақ секторына ұсынылатын барлық инновациялық қызметтер.

Видеоархив

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры.

Хасенова Лаура Айбекқызы

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., 160012, пр. Тәуке хан 5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, бас ғимарат, 136,134-кабинет

+7 701 767 15 07,
laura_ok_uko@mail.ru

Дүйсенбі – жұма 9:00 – 18:00

Біз әлеуметтік желілердепіз

Хабарлама!

TOEFL халықаралық емтихан орталығы

Егер сіз магистратураға,PhD докторантураға, «Болашақ» халықаралық стипендиясына, академиялық ұтқырлық аясында шетелде білім алуға ниет білдірсеңіз, онда ОҚМУ.М. Әуезов сізді күтеді!

Сіз ағылшын, неміс,француз тілдері бойынша TOEFL емтиханын үйден шықпай-ақ тапсыра аласыз!

Біздің ресми аккредитацияланған ETS Global Preferred Associate Network емтихан орталығы он-лайн режимінде емтихан қабылдайды TOEFL ITP Digitalremote proctoring

Өтінімдерді қабылдау телефон арқылы 2020 жылдың 10 маусымынан басталады
Лаура Айбековна: +7701-767-15-07

Сымбат: +7778-425-4601

Немесе сіз өтініш жібере аласыз:
Өтінім жіберу

Дүйсенбі – жұма 9:00 – 18:00

Біз әлеуметтік желілердепіз