Халықаралық байланыстар орталығы

Далянь шет тілдер университетіндегі Қазақстан зерттеу орталығы

       М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қытай елінің ЖОО-мен әріптестік  қатынастарды  орнату және дамыту бойынша  белсенді жұмыстар жүргізілуде.  Ынтымақтастық аясында білім алушылар мен оқытушылар алмасу саласы бойынша бірлескен  ғылыми-зерттеу  жұмыстары белсенді атқарылуда. Сонымен қатар, білім беру және мәдениет салалары бойынша бірлескен жобалар мен білім беру бағдарламалары өңделуде. 2016 жылы қаңтар айының 8-ші жұлдызында Қытай Халық Республикасындағы ҚР Елшілігінің қолдауымен, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, Далянь шет тілдер университетінде   (ДШТУ, Далянь қаласы,  ҚХР Ляонин провинциясының солтүстік шығысы) «Қазақстанды зерттеу орталығы» ашылды.

          Орталық – қазақ тілін, қазақ әдебиетін және өнерін үйренуге ниет білдірушілерге  әрдайым есігін ашады. Сонымен қатар  білім алушыларға, оқытушыларға Қазақстан елінің қазіргі заман өмірі мен қалыптасу тарихы туралы ақпарат бере отырып, Қазақстан және Қытай білім беру және ғылыми байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.

Еске сала кетейік, Далянь шет тілдері университеті қарамағындағы «Қазақстанды зерттеу орталығы» Шанхай шет тілдері университеті қарамағында (2015 жылғы 16 қарашада ашылды) және Бейжің шет тілдері университетінде (2015 жылғы 13 желтоқсан) ашылған «Қазақстанның орталықтары» ішінде үшінші орталық  болып табылады. Мұндай серпін Қазақстанға қытай ғылыми топтары мен қоғам өкілдері тарапынан қызығушылықтың арта түсіп отырғанын көрсетеді

Мұндай динамика қытай ғылыми қоғамдастық пен жұртшылық тарапынан Қазақстанға өсіп отырған қызығушылықты көрсетеді.

 
Қазақстанды зерттеу орталығы

Орталықтың мақсаты және басты қағидаттары:

– Оқытуды дамыту және Қазақстанның тілі мен мәдениетін зерттеу;
– Қазақ тілін зерттеу және қазақ әдебиетінің туындыларымен және өнерімен танысу;
– Қазақстанның ұлттық дәстүрлерін және тарихын зерттеу:
– Білім, ғылым және мәдениет саласы бойынша екі елдің ұйымдар арасындағы алмасуын және ынтымақтастығын алға жылжыту;

– Қазақстанның осы заманғы өмірі және тарихы туралы «ДШТУ» оқытушыларына, аспиранттарына және студенттеріне ақпарат беру;
– Қазақстан мен Қытай азаматтары мен ұйымдарының арасындағы білім, ғылым және мәдениет байланыстарын нығайту;

Virtual tour

Director of the international cooperation center

Turymshayeva Arida Turganbekovna

For correspondence: Republic of Kazakhstan, Shymkent, 160012,
Tauke Khan ave. 5, M. Auezov SKSU

+7(7252) 21-41-54
upvo-ms-sksu@yandex.kz, sksu.icc.2015@gmail.com

Mon.- Fri.  9:00  – 18:00

Social info

Виртуалды тур

Халықаралық байланыстар орталығының директоры

Турымшаева Арида Турганбековна

Корреспонденция үшін: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.,
160012,Тәуке-Хан даңғылы,5, М. Әуезов атындағы ОҚМУ

+7(7252) 21-41-54
upvo-ms-sksu@yandex.kz, sksu.icc.2015@gmail.com

Дс.- Жм  9:00  – 18:00

Біз әлеуметтік желілердеміз

Бейне презентация

Брендбук